
Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Tencent интернет-холдингі және JD.com онлайн-сатушысы қытайлық Vipshop интернет-дүкеніне 863 миллион доллар инвестициялайды. Бұл JD.com хабарламасында айтылған. Мәміленің шарттары бойынша, Tencent және JD.com Vipshop класындағы жаңа шығарылған акцияларды, тиісінше, 604 млн және 259 млн долларға сатып алады. Tencent 7 пайыз, JD.com -5,5 пайызға ие болады. Ал, Viposhop құны 6,9 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды РНС.
Мәміле жақын арада аяқталады. Tencent және JD.com бас директорды және бақылаушыны тағайындау құқығына ие болады. Осылайша, Alibaba жаңа қуатты бәсекелестің соққысына ұшырайды. Alibaba бүгінгі күні Қытайдағы интернет сату саласындағы ең ірі компания болып саналады. Сондай-ақ, 2017 жылы керемет қаржылық табысқа қол жеткізді.
Vipshop тауарларды жеңілдікпен сатып алу бойынша Қытайдың жетекші интернет-дүкені болып есептеледі. Компания 2008 жылдың тамызында құрылды. Tencent компаниясы Vipshop-ға WeChat танымал қосымшасының қытай тіліндегі нұсқасына негізделген Weixin-ге орналасуына көмектеседі. JD.com веб-сайтты өзінің басты бетінде, сондай-ақ, Weixin-дің мобильді дүкенінде орналасуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025