Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,77 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,99 теңге/$1) ұлттық валюта 0,22 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,5 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 379 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 124 млн 350 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 333.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:30-да 380 теңге, Алматыда – 381,2 теңге.