Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 желтоқсанда қол қойған«Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталарының дизайны тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа сәйкес теңгеде тек қазақша жазу болады, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұжырымдама сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнының міндетті элементтері болып табылады:
номиналдың сандық немесе әріптік белгісі;
қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, түпнұсқалықты анықтауға мүмкіндік беретін және қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін элементтер;
эмитенттің елінің ресми атауы;
банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналасқан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.
Банкноттар дизайнының қосымша элементтері сериялық нөмірі және дизайнның бекітілген жылы болып табылады.
Монета дизайнының қосымша элементі - монетаның соғылған жылы.
Банкноттар мен монеталар дизайнында келесі суреттердің бірі немесе бірнешеуі қолданылады:қазақ ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөліктері;
Қазақстанның тарихы мен дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың портреттері;
Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық орындары мен сәулет ескерткіштері немесе олардың фрагменттері;
мемлекеттік және халықаралық оқиғаларға арналған суреттер;
Қазақстан флорасы мен фаунасы өкілдерінің бейнесі;
тарих, мемлекет, саясат, құқық, экономика, ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт, Қазақстанның дамуымен байланысты бейнелер;
Дүниежүзілік құндылықтарға, игіліктерге, тарихқа және мәдениетке байланысты суреттер;
ҚР Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі;
өзге сандық және әріптік жазулар.
Банкноттар мен монеталардың дизайнында пайдаланылатын жазбалардың мәтіні мемлекеттік тілде жазылады. Инвестициялық және коллекциялық монеталардың дизайнында шет тіліндегі жазбаларды пайдалануға болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024