
Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – 2018 жылдың 8 айында депозиттер 1%-ға 17,7 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
«Ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 4,1% немесе 380 млрд теңгені құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 2,5%-ға немесе 210 млрд теңгеге қысқарды. Нәтижесінде, депозиттердің долларлануы 46%-ға дейін төмендеді», - дейді Данияр Ақышев.1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшермелерді анықтау тәсілі өзгерді. Мөлшерлемелер салымның мерзімдері мен түрлері бойынша сараланатын болады.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025