Экономика
«Tengri Bank» Қаскелеңде жаңа филиалын ашты
Алматы. 15 қараша. 7kun.kz - Бүгін Қаскелең қаласында «Tengri Bank»-тің облыстық филиалы ашылды. Ұлттық валюта күніне орай ұйыдастырылған салтанатты рәсімге «Tengri Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Динеш Кумар, Қаскелен қаласындағы филиал директоры Гүлжанат Абдрахманова, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев қатысты.
Жаңа филиалдың лентасын Динеш Кумар мен Далабаев Жандарбек кесті.
«Біз 66 мыңнан астам тұрғын тұратын Қарасай ауданының әкімшілік орталығы Қаскелең қаласында филиалдың ашылуының стратегиялық маңыздылығын көріп отырмыз. Халық саны 295 мың адамнан тұратын Қарасай ауданында жұмыс істеп тұрған әкімшілік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны 18-ден асады, оның ішінде: қала маңындағы көкөніс-сүт шаруашылық орталығы, көкөніс-консерві, сүт және басқа да зауыттар бар. Қаскелең қаласында "Tengri Bank" филиалын ашу туралы шешім қабылдағанда, біз бірінші кезекте әрбір аудан тұрғынын банктің басқа бөлімшелеріндегі сияқты сапалы банктік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатын алға қойдық», - деді Динеш Кумар.
Енді Каскелең маңындағы облыс тұрғындары үшін банкке бару жеңілдеді және кез келген мәселе бойынша филиалға баруға болады.
Банктің жаңа бөлімшесінде клиенттерге шот ашу, ақша аударымдары бойынша операциялар, сауданы қаржыландыру құралдары, кредит беру, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау және өзге де операциялар сияқты банктік қызметтердің кең спектрі ұсынылатын болады. Келушілерге ыңғайлы болу үшін кеңседе кеңесшілер жұмыс істейтін болады, олар клиентті қызықтыратын кез келген сұраққа жауап береді.