Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Теңіз логистикасы құлдырауда: жүк тасымалдау бір жылда 68%-ға, жүк айналымы 56%-ға қысқарған, - деп хабарлайды energyprom.kz.
2019 жылы наурызда теңіз және жағалаудағы көліктермен жүк тасымалдау 76,5 мың тоннаны құрады, бұл – 2018 жылдың наурызына қарағанда 68,2% -ға аз. Жүк тасымалдау 2018 жылдың наурызына қарағанда 55,6%-ға қысқарып, 73,6 млн тонна/шақырым болған. Наурыз айында жүк тасымалдаудан түсетін кіріс бір жылда 51,9%-ға, 307,8 млн теңгеге дейін қысқарған.
Ағымдағы жылдың 3 айында жүк пен багажды тасымалдаудан түскен табыс 967,5 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45,7%-ға кем.
Өткен жылдың 12 айында сектордағы кіріс 5,4 млрд теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға кем.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024