Қазақстанның Ұлттық гвардиясы жергілікті атқарушы органдармен бірге Ақтөбе болған терактіден қаза тапқандардың отбасыларына баспана беруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Одан бөлек, хабарламада «Қазіргі уақытта Ұлттық гвардияның Бас қолбасшылығы мен жергілік атқарушы органдардың бірігуімен Ақтөбе қаласында 5 маусым күні болған терактіден борышын өтеп жүргіп қаза болғандардың отбасыларына тұрғын үй беру туралы жұмыстар жүріп жатыр» делінген. Ақпаратқа сәйкес, Ішкі істер органдарының ардагерлері кеңесі мен Ұлттық гвардияның шешімімен олардың отбасына жүз мың теңгеден берілген. Естеріңізге салайық, 5 маусым күні террористер Ақтөбедегі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасаған. ІІМ ақпаратына сәйкес, шабуыл салдарынан 7 азамат қаза тапты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024