Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla Motors акциясы 15 пайызға төмендеді

Tesla Motors акциясы 15 пайызға төмендеді

Алматы. 7 шілде. 7kun.kz – Tesla автоөндіруші компаниялар арасындағы нарықтық көшбасшылығын жоғалтты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазір Tesla компаниясының құны 47,57 миллиард долларға бағаланады. Ал General Motors компаниясы АҚШ автоөндірушілер арасында 51,81 миллиард долларға бағаланып, бірінші орынға шықты. Сондай-ақ, Швециялық автоөндіруші компания Volvo толықтай электр қозғалтқышқа өтетінін және америкалық Tesla компаниясына мықты бәсекелес болатынын жариялады. Tesla компаниясы 2017 жылдың екінші жартысында машиналардың аккумуляторындағы ақаулар үшін келеңсіздік туындаған болатын. Дегенмен, компанияның бюджетін көтеретін Model 3 машинасының алғашқы көлігі таныстырылды. Көлік 7 маусымнан бастап сатылымға шығады. Еске салсақ, компания басшылығы 2018 жылы 500 мың автокөлік шығарылады деп жоспарлаған болатын.

Похожие материалы