Алматы. 21 маусым. 7kun.kz - Tesla компаниясы Қытайда өзінің электромобильдерін шығару үшін мекемелердің құрылысы туралы келісімшарт жасауды жоспарлап отырғандығы белгілі болды. Бұл қадам компанияның нарықта дамуына көп мүмкіндік береді әрі салықтың 25 пайызын өтеуден босатады, деп хабарлайды m.hightech.fm.
Компания өкілдерімен жақын араласатын адамдардың айтуынша, Tesla Қытайда автомобильдер өндіру туралы келісімшарт жасауды көздеп отыр деп жазды Bloomberg. Бұл компанияның әлемдегі ең ірі автомобильдік нарыққа шығуына жол ашады.
Шанхай қаласымен жасасқан келісімшарт Tesla компаниясына Lingang аймағында кәсіпкерлік ашуға мүмкіндік береді. Ережеге сай Tesla кәсіпкерлікті жергілікті серіктестерімен бірге отырып құруы қажет, әзірге оның кім екендігі белгісіз. Келісімшарттың негіздері қазіргі уақытта нақтыланып жатыр, Tesla сақтандыру компанияларының бизнесіне қауіп төндіріп тұр.
Өткен жылғы Tesla-ның Қытайдағы кірісі 1 млрд доллардан асқан болатын және мемлекетте жеке кәсіпкерлігін құру нарықта әрі қарай дамытуға қажетті қадам. Бұған қоса салықтың 25 пайызын төлеуден босатылады.
Қытайдың қиын экологиялық жағдаймен күрескеніне біраз жыл болды және бұл мәселені шешуде “электрокарлар” көмектесуі мүмкін.
Жетекші Қытайлық электромобиль құрастырушылар – Future Mobility, WM Motor және Singulato Motors – жергілікті нарықта Tesla-мен бәсекелесуге дайын. Олар электрокарларды әлдеқайда сапалы әрі арзан бағада жасауға уәде беруде.
Ершат Тілеухан
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024