Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — Америкалық Tesla Inc. компаниясы келесі жылы Қытайда жиналған Model 3 электромобилінің бағасын сатып алушыларды көбірек тарту мақсатында 20%-ға төмендету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, компания Шанхайдағы зауытта өндірістің өзіндік құнын жергілікті өндірістің жиынтықтарын кеңінен пайдалану есебінен азайтуды көздеп отыр. Бұл Tesla-ға АҚШ-нан импорт көлемін қысқартуға және соған байланысты импорттық баж салығын болдырмауға мүмкіндік береді.
Model 3 бағасы 2020 жылдың екінші жартысында төмендеуі мүмкін. Tesla-ның Шанхайдағы зауытында өндірілген электромобильдің бастапқы құны шамамен 355,8 мың юаньды (50,8 мың доллар) құрайды. Бағаның күтілетін төмендеуінен кейін бұл электромобиль 300 мың юань тұрады. Алайда, төмендеу ауқымы мен мерзімі нарықтағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін, деп атап өтті Bloomberg.
Шанхайдағы зауыт - Tesla-ның АҚШ-нан тысқарыдағы алғашқы кәсіпорны. Tesla басшысы Илон Маск бұдан бұрын Шанхай зауыты жыл соңына дейін аптасына кемінде 1 мың электромобиль шығарады деп мәлімдеді. Америкалық Tesla зауытына дәл осындай қуаттылыққа шығу үшін бірнеше ай қажет болды. Қазан айының соңында Tesla Шанхайда шығарылатын Model 3 электробильдері алдын ала тапсырыс үшін қол жетімді болды деп жариялады. Бірінші партия клиенттерге 2020 жылдың бірінші тоқсанында жеткізіледі деп күтіліп отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024