Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Tesla белгіленген уақытқа дейін Model 3 электромобильдерінің 5000 данасын шығарды, деп хабарлайды Reuters.
- Біз келесі айда апта сайын 6 мың Model 3 көлігін шығаруды мақсат еттік. Меніңше, енді біз нағыз автомобиль жасаушыларға айналдық, дейді Маск.
Tesla жаңа Model 3 үлкен үміт артып отыр. Компания тиімді бағаға ұсынған электромобильге сұраныс артып, кірістің көбейетініне, Масктың электр көлігінің кең пайдалану идеясының жүзеге асатындығына сенеді. Алайда алдына қойған мақсатына жету үшін компанияның біраз қиындықтары болды. Сәуірде элекромобильді жинау темпі азайып, жоспарланған 2500 машинаның 2000 ғана шығарылған.
Алайда соңғы айда Tesla зауытының сыртынан тент жазып, жұмысты белгіленген күнге дейін бітіру үшін көлікті жинау жылдамдығын арттырды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024