Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Америкалық Tesla компаниясы Tesla Model 3 электромобильдерін Қытайға жеткізуді бастағанын мәлімдеді. Демек, Tesla-ның барлық электромобильдері - Model X, Model S және Model қытайлық нарыққа шықты, деп хабарлайды russian.news.cn.
Қытай сатып алушыларына қол жетімді Model X және Model S-мен салыстырғанда, Model 3 электромобилінің бағасы 433 мың юаннан (шамамен 64,3 мың АҚШ доллары) басталады.
Айта кетейік, өткен айда Шанхайда Tesla Shanghai Gigafactory кәсіпорнының құрылысы басталды. Алдын ала құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың жазында аяқтау жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Tesla Бас директоры Илон Маск Шанхай фабрикасындағы Model 3 электромобильдерінің өндірісі 2019 жылдың аяғында басталатынын мәлімдеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024