Экономика
Выбор редактора
Тимур Құлыбаев "Газпромның" директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды
"Газпром" акционерлері 26 маусым күні өткен жылдық жиналыста директорлар кеңесінің құрамын жаңартты деп хабарлайды компанияның ресми сайты.
Компания құрамына алғашқы рет Ресейдің энергетика министрі Александр Новак кіріп отыр. Кеңестің қалған он мүшесі өзгеріссіз қалды. Солардың арасында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев бар. Ол 2011 жылдан бері "Газпром" директорлар кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ кеңес құрамында Газ экспорттаушы елдердің форумымен өзара әрекеттесу жөніндегі Ресей президентінің арнайы өкілі Виктор Зубков, "Газпром" басшысы Алексей Миллер, компанияның басқарма төрағасының орынбасарлары Виталий Маркелов пен Михаил Середа, Газпромбанк басшысы Андрей Акимов бар. Сонымен қатар Ресейдің мүліктік қатынастар вице-минситрі Фарид Газизуллин, Ресейдің Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов, Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының ректоры Владимир Мау, СПбМУ заң факультетінің азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі Валерий Мусин қайта сайланып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024