Алматы. 30 наурыз. 7kun.kz - Бизнес проблемаларға тап болып жатса, шұғыл әрекет жасауымыз керек. Біз мұны заңға орынды өзгертулер енгізу арқылы іске асырамыз. «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осылай мәлімдеді. Бұл туралы palata.kz жазды.
«Бірден айтайын, бұл коммерциялық банктердің мүддесі мен ақша-несие саясатына да қатысы бар, сондықтан жан-жақты әрі мұқият қарастыруды талап ететін мәселе. Бизнес қоғамдастықпен бірлесе отырып, отандық кәсіпкерлерді тиімді қолдау шараларын әзірлейміз. Менің ұсынысым – өңірлік картаның елегінен өткен жобаларды бірінші кезекте қаржыландыру керек. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу бірінші кезекте. Жобалардың толыққанды тізімін жасап, «Атамекен» мен Үкімет арқылы оларды серіктестерімізге, оның ішінде шетелдіктерге ұсына аламыз», - деді Тимур Құлыбаев.
Сонымен қатар, ол салық заңнамасында бизнес мүддесін ескеру мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.
Оның айтуынша, ең көп шағым түскен проблема - тіркеу мерзімі заңды күшін жойған мәмілелерге салынатын қосымша салымдарға қатысты.
«Салық процедураларын жеңілдету және оның кәсіпкерлерге кедергі келтірмеуі туралы президент тапсырмасы бар. Бизнес мәселелерін біліуіміз үшін өзара байланысты күшейту керек. Әрине, адал кәсіпкерлер салық төлеуі тиіс. Бірақ, бизнес проблемаларға тап болып жатса, шұғыл әрекет жасауымыз керек. Қазір ҰКП қосымша құн салығын қайтару кезінде тексерулер санын азайтуды ұсынып отыр. Сондықтан бұл мәселені шешудегі жалғыз жол – заңға орынды өзгертулер енгізу. Онымен біз айналысып жатырмыз», - деді Тимур Құлыбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024