Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев Алматыда өткен аймақтың кеңес барысында Ұлттық банктың жұмысын сынға алды. Оның сөзіне қарағанда, отандық кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктердегі теңге өтімділігінің жетіспеушілігін айтып, шағымдануда екен. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.
Ұлттық банк басқарма төрағасының орындасары Қуат Қожахметовқа Тимур Құлыбаев екі сұрақ бағыттады.
"Біз барлық аймақта болдық, барлық жерде бір мәселе. Кәсіпкерлер теңге өтімділігі туралы сұрайды. Ұлттық банк осыны шешу үшін қандай да бір іс-әрекет атқара ала ма? Екінші сұрақ несиелендіру мөлшерлемесін азайтуға қатысты. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банк бір шаралар қолдана ала ма? Бәріміз сіздерге кәсіпкерлердің басына түскен кедергілерді жеткізу үшін жиналдық... Өтімділік керек. Ұлттық банк көмектессе", - деді ол.
Төрағаның сөзіне қарағанда, қаржы жүйесін іске қоспаса, Кәсіпкерлер палатасының алдында тұрған барлық іс, мәселен, экономиканы диверсификациялау жоққа шығады.
"Сіздер елдегі бүкіл өтімділікті жинап алдыңыздар, қолдарыңызда БЖЗК да, Ұлттық қор да бар. Бәрі тек сіздердің қолдарыңызда. Осы мәселемен айналысып, шешейік", - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024