Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - 7 желтоқсанда Жоғарғы Сот мінберінде «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форум өтті. Жоғары Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев кәсіпкерлердің құқығын қорғауда Ұлттық палата мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс жақсы орнағанын атап өтті. «Атамекен» бастамасымен, мемлекеттік органдардың қолдауымен заңнамалар оңтайландырылып, бизнес-қоғамдастық ұсыныстары ескеріліп, Жаңа салық кодексі, Кеден кодексі, экологиялық кодексі өзгертілді. Әкімшілік құқық бұзу кодексіне де өзгертулер енгізілді. "Сотқа бару кәсіпкер үшін қашан да күйзеліс тудырады. Оның ісі бойынша тез шешім қабылданса, барлық тарапқа жақсы. Ұлттық палата сот жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қалайды. Сот жүйесі барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Біздің Жоғарғы Сот жұмысына араласуға хақымыз жоқ, алайда бірлесіп жұмыс істеуімізге болады. Кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін қайтсек те жақсартамыз. Осы бағытта бірлескен жұмысымыз тиімді болмақ",-деді Құлыбаев. Бұған дейін Тимур Құлыбаев ипотеканы халыққа қолжетімді ету керек екенін айтқан еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024