Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның заңсыз тапқан 2 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды
Құлыбаевқа тиесілі Атыраудағы «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркі» (СМГСП) ЖШС екі миллиард теңгеден астам заңсыз табыс тапқаны анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Монополист сұйылтылған газға төрт жыл бойы ешқандай негізсіз қымбат баға белгілеп келген.
«2017-2021 жылдары ЖШС басшылығы өзінің үстемдігін пайдаланып, сұйылтылған мұнай газын қабылдау, сақтау және тиеу қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткені анықталды», – делінген Қаржылық мониторинг агентігінің хабарламасында.
Мұнайгаз компаниясының заңсыз тапқан 2 081 659 968 теңгесі мемлекетке қайтарылды.
Айта кетейік, «Сұйылтылған мұнай газын сақтау паркіне» қатысты қылмыстық істі тергеу «Қаңтар оқиғасынан» кейін басталған еді. Тексеруге Қазақстанның отын қауымдастығының Қаржы мониторинг агентігіне берген өтініші себеп болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024