Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ел экономикасын дамытуға бағытталған жеті жүйелі өзгерісті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі таңда әлемдік экономика құрылымдық өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Бұл өзгерістер жеделдетіліп, қалыптан тыс сипатқа ие болып барады. Бұл біздің алдымызға жаңа сын-тегеуріндерді алға тартады», - дейді Тимур Сүлейменов.
Министрдің айтуынша, АҚШ, Ресей мен Түркия, Иран елдернің бір-біріне санкциялары жаһандық дамуға, сауда және инвестициялық ағымға кері әсерін тигізіп жатыр.
«Осыған қарамастан, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену үшін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарларды қабылдау жолымен экономикалық өсімнің жаңа моделіне ауысу процесі басталды. Біздің басты мақсат - 2025 жылға дейін экономиканың сапалы әрі тұрақты өсіміне қол жеткізу болып табылады. Жаңа экономикалық модельге ауысу үшін 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясат үйлестірілетін болады. 7х7 жоспары Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуі үшін тұрақтылық пен дамудың теңгерімділігін қамтамасыз етеді», - дейді ол.
Министр жеті жүйелі өзгерісті тарқатып айтып берді. Оның айтуына қарағанда, жеті жүйелі өзгерістің біріншісі - «Жаңа адами капитал» бағыты заманауи экономиканың жаңа мамандарға сұранысына орай, кәсіби кадрларды дайындаудың барлық жүйесіне қайта бағдарлануға, оқу бағдарламаларын кең ауқымды жаңартуға, ғұмыр бойы үздіксіз оқуға негізделген.
Екінші, яғни «Технологиялық жаңарту және цифрландыру» бағыты ғылымды қажет ететін экономиканы дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымдарды құруға, негізгі салаларды жаңғыртуға және 4.0 реформасы сынды жаңа технологиялық қайта жарақтандыру плацдармы - жаңа индустрияның пайда болуына арналған.
Үшінші - «Бәсекелестік және бәсекеге қабілетті бизнес» реформасы жеке секторды жандандыруды көздейді. Ал төртінші - «Сыбайлас жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» бағыты сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, заңнамалардың тұрақтылығын арттыру, азаматтарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу тәрізді Ұлт жоспарын одан арғы іске асыруға бағытталған.
Бесінші «Мықты өңірлер және урбандалу» бағыты өңірлердің дербестігін арттыру және барлық өңірдегі өмір сапасының базалық деңгейін қамтамасыз етуді көздесе, алтыншы «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағыты күшті және еліне адал адамдардың Біртұтас ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Бұл орайда, Рухани жаңғыру бағдарламасы басты рөл атқарады.
Жетінші «Мемлекеттік сектор өзгерістердің көшбасшысы ретінде» бағыты елдегі жаңғыртулардың қозғаушы күші ретінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024