Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz – 2017 жылдың қаңтар-шілдеде Қазақстанның сақтандыру компанияларының шығыны 144,4 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz жазды.
Сақтандыру компаниялардың қаңтар-шілдедегі кірісі 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға (2,8 млрд теңге) көбейген. Бұл 7 ай бойынша рекордтық көрсеткіш.Сонымен қатар Қазақстандағы сақтандыру компаниялардың шығындары да рекордтық көрсеткіш көрсетті. Яғни, шығын көлемі 144,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 34,1 пайызға (36,7 млрд теңге) көп.
Қорытынды нәтиже бойынша 2016 жылдың қаңтар-шілдемен салыстырғанда кіріс көлемі азайған.
Өткен 7 айдағы нәтиже бойынша Қазақстан нарығындағы 32 сақтандыру компанияның 28-і кіріс көлемін ұлғайтқан.
2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында кірісі көп «Евразия» сақтандыру компаниясы 15,3 млрд теңгемен көш бастап тұр. Екінші орында кірісі 3,7 млрд теңгені құраған "Kaspi" сақтандыру компаниясы, 1,9 млрд теңгені құраған "Виктория" сақтандыру компаниясы үшінші орында тұр.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024