Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – 22 ақпандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға нығайып (377,62-ден), 376,73 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 15 ақпаннан 22 ақпан аралығында АҚШ доллары бағамы дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреді. Оған АҚШ-тағы өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі, Д.Трамптың Қытай тауарларына баждар енгізу мерзімін ұзарту туралы және ҚХР Президентімен саммит өткізу жоспарлары туралы мәлімдемесі секілді оқиғалар себеп болды.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде болды:
- Ресей рублі желтоқсандық келісім мен Америка-Қытай келіссөздерінің дамуы аясында ОПЕК+ елдерінің өндіруді қысқарту туралы хабарларға байланысты мұнай бағасының өсуіне байланысты 1,4% -ға (66,33-тен 65,38-ге дейін) нығайды;
- Индонезия рупиясы ОБ-нің негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз деңгейде сақтап тұру туралы шешімінің және ҚХР мен АҚШ арасында сауда-саттық келіссөздерге қатысты нық сенімнің аясында 0,7% -ға (14 154-тен 14 058-ге дейін) нығайды;
- Мексика песосы инвесторлардың тәуекел–сентиментінің жалпы жақсаруы аясында 0,6%-ға (19,25-тен 19,14-ке дейін) нығайды;
- Оңтүстік Африка ранды ел Үкіметінің бюджет шығыстарының шегін ұлғайту туралы жария етуіне қарамастан елдің фискалдық саясатына сенімнің өзгеріссіз қалуы туралы Moody’s есебінің аясында 0,6%-ға (14,08-ден 14,00-ге дейін) нығайды;
- Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуі мен Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қақтығысқа қарамастан АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық келіссөздерінің дамуы туралы хабарлардың аясында 0,1%-ға (71,23-тен 71,14-ке дейін) нығайды;
- Түрік лирасы кредиттеуді ынталандыруға арналған шаралар ретінде ОБ-нің кредиторлардың резервтері бойынша талабын жеңілдету туралы шешімі аясында 0,8%-ға (5,28-ден 5,32-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған зейнетақы реформасы жобасының Конгрессте қаралауы ұзаққа созылуы туралы хабардың аясында 1,4%-ға (3,70-тен 3,75-ке дейін) әлсіреді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024