Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – 1 наурыздағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,2%-ға нығайып (376,73-тен), 375,9 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 22 ақпаннан 1 наурыз аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар: АҚШ-тың ФРЖ Төрағасы Дж.Пауэллдің АҚШ Конгрессіндегі сөз сөйлеуі, Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың аясында геосаяси тәуекелдердің өсуі, АҚШ ІЖӨ-нің 2018 жылғы 4-тоқсанда талдаушылардың күтулерінен жоғары өсуі, екі елдің көшбасшылары саммитіне Қытаймен сауда-саттық келісімінің мәтінін әзірлеу туралы хабарлама, Қытаймен іскери белсенділік жөніндегі жағымды деректерді жария ету. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Үндістан рупиясы екі ел арасындағы қақтығысты де-экскалациялау мақсатында Пәкістанның үнділік пилотты босату аясында 0,3%-ға (71,14-тен 70,91-ге дейін) нығайды;
- Индонезия рупиясы капиталдың қор нарығынан әкетілуі аясында 0,4% -ға (14 058-ден 14 120-ға дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы желтоқсанда бөлшек сатылымның төмендеуі (болжам +2,7% г/г болғанда -1,3% г/г) туралы жарияланымның, S&P рейтингтік агенттігінің елдің тәуелсіз рейтингін теріс тұрақтыға дейін төмендету туралы шешімінің, ОБ-нің экономикалық өсуді 1,1-2,1%-ға дейін (алдыңғы болжам 1,7-2,7%) төмендету аясында 0,7%-ға (19,14-тен 19,27-ге дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі АҚШ заң шығарушыларының қарауына енгізілген РФ-ға қарсы санкциялар туралы заң жобасының мәтінін жария ету аясында 0,8%-ға (66,38-ден 65,92-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы 2018 жылғы 4-тоқсанда ІЖӨ өсуінің баяулауы туралы деректердің шығуы аясында 0,8%-ға (3,75-тен 3,78-ге дейін) әлсіреді.
- Түрік лирасы инвесторлардың ОБ-нің неғұрлым жұмсақ ақша-кредит саясатына көшуі жөнінде қауіптенуі аясында 0,9%-ға (5,32-ден 5,37-ге дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды көлік құралдары мен жабдықтар экспортының төмендеуіне байланысты қаңтарда елдегі сауда-саттық тапшылығының ұлғаюы аясында 1,6%-ға (14,00-ден 14,23-ке дейін) әлсіреді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024