Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы «Даму» қорының бағдарламалары бойынша 10 186 жоба қаржыландырылған. Жалпы құны 650 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлайды.
Екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2016 жылы жалпы несие құны 336 млрд теңгені құрайтын 7 053 жоба қолдау алған.
Жаңа бағдарламалардың ішінде микроқаржыландыру бағдарламасы кең танымал. 2016 жылы 333 кәсіпкер 502,3 млн теңге көлемінде микронесие алған. Оның ішінде көтерме және бөлшек сауда, көлік және мотоцикл жөндеу саласы бойынша 286 жоба бар. Шағын несие алуға негізінен «KMF» ЖШС бойынша көп сұраныс түседі. Бұл ұйым арқылы 291 жоба тіркелген. «Даму» Қорының кәсіпкерлерін микронесиемен қамтамасыз етуде екінші орында «Арнур Кредит» МҚҰ ЖШС тұр. Олардың үлесінде 37 жоба бар. «Тойота Файнаншиал Сервисез Казахстан» ЖШС микроқаржылық ұйымы секілді Қордың тағы бір әріптесі кәсіпкерлерге 5 несие берген.
«Даму Блиц» технологиясы бойынша («Даму» қорының бағдарламалары бойынша екінші деңгейлі банктерден алынатын «жылдам несие») 2016 жылы 79 кәсіпкер 1,083 млрд теңге несие алған.
«Даму Оптима» бағдарламасы бойынша («Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының мақсатты аясына кірмейтін, сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру секілді салаларға арналған. Сондай-ақ «Даму Оптима» бағдарламасы кепілзаты жетіспеген кәсіпкерлерге қордың кепілдемесін пайдаланып, банктен несие алуға да мүмкіндік береді) 2016 жылы 28 жоба 567 млн теңгенің несиесіне қол жеткізген. Кепілдемелердің жалпы құны – 172 млн теңге.
2016 жылы 12 жоба «Даму» қорының бағдарламасы бойынша франшиза аша алды. Бұл бойынша несие сомасы 516 млн теңгені құрады. Франшизалар кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, көтерме және бөлшек сауда, көлік және мотоцикл жөндеу, білім беру секілді көптеген салалар бойынша ашылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024