Соңғы уақытта қазақстандық дизайнерлер үш "китке" негізделген ұлттық этностильге - табиғаттылыққа, қарапайымдылыққа және көпғасырлық құндылықтарға бейімділікке ерекше назар аударуда. Өйткені қазақ халқының ерекше ұлттық құндылықтары мен мәдени дәстүрлері назар аудартпай қоймайды.
Қазақ этностилі қарапайым емес. Бірақ Қазақстанның географиялық орнына байланысты минималистік – көкжиекке дейінгі шексіз далалары мен аспанның көгілдірлігі, оның қатаңдығы мен ұстамдылығы өз ізін қалдырды. Қазақ этностилі, немесе оны басқаша "фольклор" деп атасақ, түрлі-түсті әшекейлері мен кереге, түрлі көрпешелер мен кілемдерден тұрады десеңіз қателесесіз, бұл элементтер көбірек шығыс стиліне тән ,тек қана оларға акцент жасауға шешім қабылдау арқылы сіз қысқа және стильді жабдықталған бөлменің орнына "әшекейлері бар қобдишаны" алып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан сіз фольклорлық стилдің қыр-сырын білгіңіз келсе, онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, тарихын, дәстүрін жан-жақты зерттегеніңіз жөн.
Әрине, бұл өрнектер мен жарқын түстерден мүлдем бас тарту керек дегенді білдірмейді, бірақ осы істе ең бастысы ұстамды қатаңдық пен көзге ерекше түсетін акценттердің арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Мысалы, кеңселік орынның қабырғаларын топырақтың түтінінен жарылғанындай әсер қалдыратын "craking" арнайы сәндік жабынымен безендіруге болады, ал декор ретінде шаңырақ түріндегі люстраны және дәстүрлі қазақ түстеріндегі - қызыл, қызғылт сары, көгілдір немесе сары түсті жұмсақ жиһаздарды пайдалануға болады. Ағаш, тас және металл, сондай-ақ жануарлардың сүйектері, тістері мен терісі сияқты табиғи материалдар қазақ мәдениетінің өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға көмектеседі.
Айта кетерлік жағдай, кеңсені ұлттық стильде безендіру әсіресе шетелдік бизнесмендермен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін тиімді, себебі практика дәлелдегендей , шетелдіктерді еліміздің этникасы ерекше қызықтырады.
[su_quote]«Ең алғаш қазақ этникасын бір банктің бас кеңсесінен көрдім, және ол маған ерекше әсер қалдырды. Тура бір уақыт машинасында айналып, жан-жағымда мыңдаған ғасырлық қазақ халқының дәстүрі пайда болғандай сезімде болдым. Шынымды айтсам не үшін келгенімді де ұмытып қалдым» - деп әңгімелейді австриялық бизнесмен Филлип Остерреич. - «Мұндай интерьер келіссөздер жүргізуге өте қолайлы, достық көңіл-күй қалыптастырады. Мен бүкіл әлем бойынша көптеген кеңселерде болдым, бірақ дәл осы жер менің есімде мәңгілікке қалады» - дейді кәсіпкер.[/su_quote]
AsiaCredit Bank-тің Алматыдағы бас кеңсесі «Сбербанк» ЕБ АҚ «Кең Дала» Бизнес орталығындағы кеңсесі БН "Plaza" - БН Орда компаниясы ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің кеңсесі Kaspi Bank-тің бас кеңсесіҚазіргі заманғы дизайнерлік үрдістердің толқынында көп компаниялар қалыптасқан еуропалық тәсілдерден бас тартып, қазақ этностильіне көбірек мән береді.
Егер пәтерді ұлттық стильде декорациялау және аймақтарға бөлу өз бетінше шеше алатын міндет болса, ал кеңсені безендіру жұмыстарын кәсіби мамандардың көмегінсіз жүргізу мүмкін емес.
[su_quote]"Бізде қазақ этностильінен «жанған» деп айтуға болатын бір клиент болды. Демалыс күндері оның креативті командасы жаңа идея мен шабыт іздеу үшін ұлттық мұражайларды аралады. Жобаның басынан бастап-ақ біз бұл жұмыстың ең қызықты кейстердің бірі болатынын түсіндік. Нәтижесінде кеңсенің бүкіл концептін радиалды принцип бойынша салу шешімі қабылданды. Яғни жеке орналасқан бөлмелердегі декор элементтерінің барлығы біртұтас компазицияға біріктірілетін бір бөлмеге орналастырылды - жиналыс бөлмесінде үстел болды, қабылдауда қарағаш ағашын, ал асхананың ортасына ашық ас үй (ошақ және т.б) жасадық. Осылайша, симметриялы теңдестіру сияқты, біз тұрақтылық пен формальдылықтың әсерін қалыптастырдық. Қабырғаларда киіз суреттер мен жануарлардың терілері ілінді, бірақ басты фишка, әрине, күн, аңдар мен ежелгі адамдардың бейнелері бар қабырға петроглифтері болды", - деп өз тәжірибесімен бөлісті "Lux-строй-А" жобалау-құрылыс фирмасының директоры Светлана Новикова.[/su_quote]
Әлбетте, офистік интерьерді қазақ этностилінде жабдықтау хай-тек, лофт немесе формалар қарапайымдылығына және құрамдас элементтердің жоғары емес құнына негізделген скандинав стиліне қарағанда көп қаржылық шығындарды талап етеді. Өз кезегінде қазақ стилі жалғыз және өзіндік мәнері бар, көптеген акценттерден тұрады, ал қажетті атрибутиканы бір сағат ішінде жасау қолөнершілер мен шеберлердің бірнеше айлық уақытын алуы мүмкін. Бірақ бір нәрсені сенімділікпен айтуға болады: бұл стильде безендірілген офис қазақтың ұлттық түсінің әдемі көрінісінен әлдеқайда көп нәрсе береді. Ол сіздің қызметкерлеріңіз үшін жайлылық пен тыныштық сыйлайтын екінші үй, ал клиенттер мен инвесторлар үшін есте қалатын визит картасы болады.
Мақаланы жазуға көмек көрсеткені үшін Grey Cardinals агенттігіне алғыс білдіреміз!Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024