Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — 2018 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға жетті. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 8,4 млн адам, жұмыссыздар саны - 441,9 мың адам. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
ТМД-дағы дәл осындай көрсеткіш Беларусьте байқалды. Бұл ретте Беларусьтегі жұмыспен қамтылған халықтың саны Қазақстанға қарағанда 1,8 есе аз - 4,9 млн адам, жұмыссыздар - 245 мың адам.
Ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Арменияда тіркелді - 15,3%. Жұмыспен қамтылғандардың саны - 1,1 млн адам, жұмыссыздар саны - 200,3 мың адам.
Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейі - 9,3%, бұл ТМД-дағы екінші көрсеткіш. Мұнда 17,3 млн адамның тұрақты жұмысы бар, ал 1,7 млн өзбестандық жұмыссыз.
Украинада 15,7 млн адам жұмыс істейді, 1,6 млн адамның жұмысы жоқ, жұмыссыздық деңгейі - 9,1%.
Сондай-ақ, ТМД елдері арасында Ресей мен Әзербайжанда да жұмыссыздық көрсеткіші біршама жоғары - 4,9%. Алайда федерацияда Қазақстаннан 8,3 есе көп адам жұмыс істейді - 72,3 млн адам, тиісіше 3,7 адам жұмыссыз. Ал Әзербайжанда 4,9 млн адам жұмыспен қамтылса, 254 мың адам жұмыссыз жүр.
Достастықтағы ең төменгі жұмыссыздық деңгей Қырғызстан (2,8%) мен Молдовада (3%) тіркелді. Бұл ретте Қырғызстанда - 2,4 млн адам, Молдовада - 1,2 адам жұмыс істейді. Жұмыссыз халықтың саны тиісінше - 70,1 мың адам және 38,5 мың адам.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024