Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов мемлекет алдындағы миллиардтаған айыппұлын төледі деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астанадағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында 2015 жылдың 13 ақпаны мен 12 қазаны аралығында айыпталған Мұрат Оспанов сот белгілеген айыппұлын толығымен мемлекетке қайтарды. Осылайша соттың шығарған үкімі толыққанды орындалды. Сотталушыға қатысты сот істері 2015 жылдың 12 қазанында аяқталды"- делінген хабарламада. Еске салайық, 28 қыркүйек күні Мұрат Оспанов миллиардтаған айыппұлының 847 609 252 теңгесін қайтарған еді. Ал өтелмеген қарыздың мөлшері - 253 450 748 теңге. Еске салайық, осы жылдың наурыз айында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы пара алғаны үшін айыпталған болатын. Астанадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотының шешімімен Мұрат Оспановқа 1 млрд 101 млн 60 мың теңге айыппұл салынды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024