Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты РФ Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Тоқаев көпжылғы нәтижелі еңбегі мен екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан қомақты үлесі үшін Ресей елшісіне алғыс айтты.
Қ.Тоқаев екіжақты стратегиялық әріптестіктің тиімді сипатын және біздің еліміздің қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі тереңдетуді жақтайтынын атап өтті. Сенат басшысының айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің қатынастары халықаралық саясаттағы маңызы зор мәселе болып табылады, әрі ТМД кеңістігінде стратегиялық рөл атқарады. Жүздесушілер Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық өзара іс-қимылының қарқыны арта түскенін айта келіп, депутаттардың екіжақты және көпжақты сипаттағы кездесулері мен байланыстары жиілегенін атап өтті. Екі елдің мемлекет басшылары негізін қалаған ынтымақтастық аясындағы сауда-экономикалық, аймақаралық және шекара маңындағы байланыстар мәселелері талқыланды.
«Президент Н.Назарбаев ұсынған Еуразиялық экономикалық одақ идеясы кейінгі кездерде елеулі нәтиже бере бастағаны сезіле бастады. Сауда ұлғайды, ықпалдастық байланыстар нығая түсті», - деді ресейлік елші.
Жүздесушілер Қазақстанның алдағы уақыттағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты шараларға назар аударды.
Елші Ресей Федерациясы біздің еліміздің бастамаларын қолдауға әзір екенін растады және қазіргі замандағы қағидалық мәселелер бойынша Астананың ұстанымдары үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында Қ.Тоқаев М.Бочарниковке Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын табыс етті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024