Шымкент. 3 тамыз. 7kun.kz – Шымкенттік тұрғындар бизнес бастауға берілген мемлекеттік гранттарды той мен құдалыққа жұмсаған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Балмаржан Нарбекованыңсөзінше, мемлекеттік гранттарға несиелерін жапқан азаматтар да бар. Ал негізі берілген 1 млн 225 мың теңге көлеміндегі қаражат кәсіп ашып, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуға бағытталуы керек.
Кейбір қала тұрғындары қомақты қаражатты оңды солды жарата берген. Тіпті әр үш ай сайын есеп беріп тұру керек екенін де ұмытқан.
Қазір мұндай азаматтардың ісімен құзырлы органдар айналысуда. Өткен жылды осыған ұқсас фактілер тіркеліп, қаржатты жеке мүддесіне жаратқан азаматтар жауапқа тартылып, берілген гранттар қайта қазынаға қайтарылған.
«Бұрынғы жылдары басқа бір мәселелер болған, қазір кредит пен жаңағыдай той жасау. Құзырлы органдармен бірге былтыр 23 азаматтың ақшасының барлығы мемлекетке қайтарылды», – қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024