Өзбекстан. 16 маусым. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде тойда ойыннан жеңіліп қалған күйеу жігіттің қалыңдығын қонақтардың көзінше ұрған видео қызу талқылануда. Осыған байланысты Өзбекстанның Отбасы және әйелдер істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиға осы жылдың 6 маусымында болған. Той күйеу жігіттің үйінде өткізілген.
Жас жұбайлардың достары оларға жылдам ойын додасын ұйымдастырған. Өзін жеңіп кеткен қалыңдығын ашулы күйеуі жиналған жұрттың көзінше басынан бір қойған.
Осыдан кейін полицейлер қалыңдық пен күйеу жігітпен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізген.
Gazeta.uz хабарлауынша, ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 183-бабы (ұсақ бұзақылық – 3-тен 5-ке дейінгі есеп айырысуға дейін айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024