Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – 2017 жылы Тәжікстан Республикасының соты «Той мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді бірыңғайландыру» заңының нормаларын орындамағандары үшін 771 азаматқа 3 млн 349 мың сом көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Asia Plus басылымы.
«Ашық Азия онлайн» өзінің мақаласында отбасылық, мерекелік және кісі өліміне қатысты шараларда қандай нормалардың сақталуы тиіс екені туралы жазған болатын. Артынша аталған нормалар толықтырылып, оларды бұзғандарға арнап арнайы айыппұл көлемі бекітілді.
Мұнымен қатар, «Білім мен бала тәрбиесіне ата-ана жауапкершілігі» туралы заң нормаларын бұзған 10 629 республика азаматына 1 млн 477 мың сом көлемінде айыппұл салынған.
Бұдан өзге, жоғарыда аталған заңды бұзған 5 мың ата-анаға ескерту жасалды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024