Астана. 15 қыркүйек. 7kun.kz - Президент Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
Бұл туралы Жарлықта "екі ел арасындағы екіжақты саяси және экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін наградталсын", делінген.
"Сіз Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз. Мен осы саладағы айрықша тарихи рөліңізді ескере отырып, Сізді «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат – Қазақстан Республикасының ең жоғары наградасы. Бұл шешім екіжақты қарым-қатынастар шежіресіне алтын әріппен жазылары сөзсіз", деді Президент Тоқаев марапаттау рәсімінде.
Ал ҚХР басшысы халықтарымыздың достығын танытатын бұл орденді өте жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың нығайып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін қыран құстай алысқа самғайтынына сенімдімін!", деді
Си Цзиньпин.
Айта кетейік, бұл ҚХР басшысының елімізге төртінші сапары. Соңғы рет ол 2017 жылы келген еді. Төраға Си соңғы 2 жылдан бері бірінші рет шетелге сапарлап отыр. Ковидке байланысты 2020 жылдан бері Қытайдан сыртқа шықпаған еді. Кешегі жұмыс сапары барысында екі ел басшылары екіжақты қарым-қатынас мәселесін талқылап, бірқатар құжаттарға қол қойды. Бүгін Си Цзиньпин мен Тоқаев Самарқандтағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
Ашық деректерге көз салсақ, Си Цзиньпин бұған дейін шет мемлекеттердің 14 түрлі жоғары дәрежелі ордендерімен наградталған. Оның ішінде көрші Қырғызстанның I дәрежелі
«Манас», Тәжікстанның I дәрежелі «Зарринточ», Ресейдің Орден Святого апостола Андрея Первозванного, Беларусьтің «За укрепление мира и дружбы» ордендері бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024