Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев euronews телеарнасына сұхбат беріп, елдегі митингілер туралы айтты.
«Демонстранттарға келсек, олар наразылық танытып көшеге шықты. Қазір олардың талаптарына зерттеу жүргізіліп жатыр. Талаптардың негізі – әлеуметтік талап. Әлеуметтік проблемалар бар екенін жасырмаймын. Ол адамдардың кедейленуінен шығып отыр. Олар үкіметтен қордаланған әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуді талап етіп жатыр. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз. Қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеген адамдар да бар. Олар жақын арада босатылады. Митингіге кездейсоқ тап болған адамдар бар екенін маған мәлімдеді. Олардан кешірім сұраймыз, яғни оларды тез босатамыз. Сөйтіп бұл мәселе шешіледі», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, президент сайлауды әділетсіз өтті дегендер босатылатынын айтқан.
«Әрине, олар босатылады. Себебі бұл – өз пікірі. Мәселен, мен сайлауды әділ өтті деп санаймын», - деді Тоқаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024