Нұр-Сұлтан. 17 тамыз. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Ыдырысовты қызметінен босатты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Ерлан Ыдырысов 2017 жылдың ақпанында Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшісі болып тағайындалған еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024