Мекке. 25 шілде. 7kun.kz – 24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді», – делінген ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, 23 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Сауд Арабиясына келді. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясындағы іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024