Алматы. 12 маусым. 7kun.kz —
Билік адамдардың сауалдарын тыңдауға, мәселелерді тез шешуге және азаматтар алдында ұдайы есеп беруге міндетті. Мұндай ережелерді Үкімет мүшелері мен әкімдер ұстауы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде мәлімдеді.
"Мен үшін Президент ретінде ең маңыздысы - ортақ сандар емес, барлық азаматтарымыздың нақты әл-ауқаты. Сондықтан стратегиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде халықтың көпшілігінің ұстанымы сөзсіз ескерілетін болады", – деп уәде берді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, ол мемлекеттік басқару жүйесіне меритократия негізінде лайықты, білімді адамдар ғана келуі тиіс екенін атап өтті.
"Кадрларды іріктеудің басқа принципі болуы мүмкін емес", – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, мемлекеттік билік мына формула бойынша құрылады: күшті өкілетті президент, ықпалды әрекетке қабілетті парламент, халыққа есеп беретін үкімет.
«Мемлекетіміздің күрделі геосаяси шындыққа деген қажеттіліктеріне толық жауап беретін бұл саяси жүйе біздің стратегиялық мақсаттарымыздың орындалуына ықпал етеді. Сонымен бірге қоғамның саяси трансформациясы үрдісі жалғасады. Саяси қондырма терең экономикалық өзгерістерге сәйкес келуі тиіс. Әйтпесе, реформалардың тежелуі мүмкін", - деді ҚР Президенті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024