Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оған сәйкес, 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығарылады.
Сол уақытта Қазақстанның Қарулы Күштері, ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ ер адамдар шақырылады. Мерзімді әскери қызметке шақырылатындардың жасы - 18-27 аралығында.
«Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін», – делінген жарлықта.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024