Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы тамыз конференциясында педагогтардың жұмыс жағдайын жақсартуды тапсырды.
Сонымен бірге ол 2018 жылы өткізілген сертификаттауға тоқталды, оның нәтижесінде мұғалімдердің 35%-ы шекті деңгейден өте алмады.
«Мұғалімнің дайындық деңгейін бағалаудың дұрыс идеясы өте бюрократиялық және біржақты жүзеге асырылды. Мұндай квазиреформалар мұғалім мамандығының беделін төмендетуге алып келеді", – деді президент.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қадағалаушы құрылымдарға есеп берудің үнемі өсуіне байланысты мұғалімдердің еңбек жағдайлары айтарлықтай нашарлап барады.
"Педагогтар мен оқушыларға психологиялық жүктемені білім берудің жаңартылған мазмұны аясында бағалау жүйесі де жүктейді. Жағымсыз нәтижелер жағдайында педагогтар оқу орнының басшылығы тарапынан қысымға ұшырайды, себебі бағалар мектеп рейтингіне әсер етеді. Бағалау жүйесі қажет, бірақ салмақты және объективті болуы керек. Әсіресе, педагогтарға қысым жасамау керек. Сондай-ақ, әлі күнге дейін жергілікті әкімдіктер көбінесе өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғанда, оқытушыларды әкімшілік мақсатта, білім беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түрлі іс-шараларға қатыстыратын тәртіпсіздік практикасы тоқтатылмай келеді", - деді Тоқаев және Үкіметке аталған мәселелерді шешу бойынша шұғыл және түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.
Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда педагогикалық қызметкерлердің жыл сайынғы тамыз конференциясы өтіп жатыр. Іс-шараға бүкіл Қазақстаннан 2 мыңнан астам мұғалім қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024