Алматы. 10 маусым. 7kun.kz – 9 маусым күні өткен кезектен тыс президенттік сайлауда Қазақстан сайлаушыларының 70,76%-ы «Нұр Отан» партиясының кандидаты, іс басындағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді. Сайлаудың алдын ала қорытындысын бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жария етті.
Константин Петровтың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 млн 504 мың 54 дауыс жинады. Екінші болып «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысының кандидаты Әміржан Қосанов келеді. Ол 16,02% жинады. Оған 1 млн 472 733 адам дауыс берді.
Көшбасшылар үштігін «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева түйіндейді. Ол 5,2% дауыс жинады. Оған 478 153 адам дауыс берді.
Сонымен қатар, ҚКХП атынан президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбеков 1,83% дауыс жинады. Оған 167 249 адам дауыс берді. «Ауыл» партиясынан үміткер Төлеутай Рахымбеков – 3,2%. Оған 294 271 адам дауыс берді. Амангелді Таспихов кәсіподақтар Федерациясынан – 2,07%. Оған 190 304 адам дауыс берді. «Ұлы дала қырандары» қозғалысына үміткер Сәдібек Түгел – 0,92%. Оған 84 348 адам дауыс берді.
Бұл сайлауда 9967 сайлау учаскесі жұмыс істеген. Сайлаушылар тізіміне 11 млн 947 мың 995 адам енгізілді. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4%-ы сайлау бюллетеньдерін алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024