Сочи. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан және Ресей президенттері тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздері қалай өткені туралы айтты.
Оның айтуынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде екі жарым сағатқа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді.
«Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті», – Руслан Желдібай.
Баспасөз хатшысы «мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінетінін» атап өтті.
Мемлекеттер басшылары өздерінің деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінетіні атап өтілді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024