Қонаев. 19 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесуінде Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту шешімі туралы айтты. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл президент тапсырмасы бойынша Қазақстанда бірқатар өңірлер трансформацияланды.
«Биыл менің шешіміммен елімізде бірнеше облыс қайта құрылғанын білесіздер. Жетісу жерінде дербес екі аймақ пайда болды. Алматы облысының әкімшілік орталығы Қапшағайдың жағасына көшірілді. Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және халықтың ортақ қалауы деуге болады», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, Бұрынғы Алматы облысын екіге бөлу - аймақтағы ахуалды терең зерделеп, мұқият ойластыра отырып қабылданған шешім.
«Облыс орталығын Қонаевқа көшіру жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй қорын ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өңірде әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары жаппай салынады, санаториялық және курорттық аймақтар пайда болады. Облыс орталығын экологиясы таза, өмір сүруге қолайлы "ақылды" қала ретінде дамыту қажет. Жаңа облыс орталығына жаңа бас жоспар керек. Бұр ретте қаланың жаңа мәртебесін ескеру маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
Тэги:
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024