Астана. 9 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында қазан айында Одақ көлемінде инфляция 11,5% болғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президенттің айтуынша, халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді.
«Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді», – деді Тоқаев.
Президент қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайыз болғанын атап өтті. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024