Нұр-Сұлтан. 10 тамыз. 7kun.kz - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы Президент твиттерде жазды.
"2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде парламентке және үкіметке тапсырмалар жүктеледі", - деп жазды мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы жолдауы.
Бұған дейін Президент болған Н.Назарбаев халыққа жыл сайын дәстүрлі түрде Жолдау арнап, алдағы уақытта істелетін ауқымды істерді бағдарлап беретін. Елбасы Президент кезінде халыққа 23 рет Жолдау арнаған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024