Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев Қазақстан Президентінің сайлауында 70,13% дауыс жинап жеңіске жетті - "Қоғамдық пікір" институтының экзит-поллы

Тоқаев Қазақстан Президентінің сайлауында 70,13% дауыс жинап жеңіске жетті - "Қоғамдық пікір" институтының экзит-поллы

Алматы. 10 маусым. 7kun.kz — Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жексенбі күнгі президенттік сайлауда экзит-полл қорытындысы бойынша сайлаушылардың 70,13% дауысын алды, деп хабарлады "Қоғамдық пікір" институты кеңесінің төрайымы Айнұр Мәжитова.

"Тоқаевқа 70,13% дауыс берді", - деді Мәжитова Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында.

Екінші орында - кандидат Әміржан Қосанов 15,39%, үшінші орында - "Ақ жол" партиясынан кандидат Дания Еспаева 5,32%, деп хабарлады "Қоғамдық пікір" институтының өкілі.

Айта кетейік, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың 77,4%-ы қатысты.

Похожие материалы