Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға қатысты өзінің көзқарасын жеткізді.
Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін «Родина» ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті.
Президент мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінетініне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024