Тоқаев Қазнетке жасалған кибершабуылдарды елдегі саяси процестермен байланыстырды
Семей. 30 қыркүйек. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазнетке жасалған кибершабуылдар туралы айтты. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент елде үлкен саяси науқанның басталғанын атап өтті.
«Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет», – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді.
«Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз», – деді Мемлекет басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024