Жезқазған. 16 маусым. 7kun.kz – Бүгін Жезқазғанда ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президент жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру жөніне тоқталды.
«Біз Жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз қажет. Сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болмақ. Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады. Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сонымен қатар оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әрбір қазақстандық ортақ іске атсалысуы үшін ұлттық құрылтайдың электрон нұсқасын жасауды ұсынды.
«Қайырымдылық істерді үйлестіретін түсінікті әрі тиімді электронды сервисті іске қосуға болады. Мұның бәрі цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды. Дамыған мемлекеттер осыған ұмтылып жатыр. Біз ғаламдық өркениеттің көшінен қалып қоймауымыз қажет. Ұлттық құрылтайдың электронды нұсқасын жасаған жөн. Сонда әрбір азаматымыз ортақ іске атсалысады», – деді президент.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024