Тоқаев соңғы екі күнде 27 кездесу өткізді – ҚР президентінің баспасөз хатшысы
АҚШ. 21 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының аралық қорытындысын жариялады.
«20 қыркүйектің басты оқиғасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебаты болды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шарада сөз сөйлеп, бірнеше жаһандық өзекті мәселені көтерді», – деді Руслан Желдібай.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Азық-түлік жөніндегі жаһандық саммитке де қастысып, сөз сөйледі. Президент әлемдік нарықтағы Қазақстанның рөлін аттыруға бағытталған бірнеше ұсыныс айтты. Ол еліміздің астық және басқа азық-түлік түрлерін тұрақты жеткізуіне, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға қатысты болды.
«Жалпы, биылғы шетелдік сапарларда Президент ең жиі көтерген мәселенің бірі - көлік-логистика мәселесі. Яғни, бүгінгі күрделі геосаяси жағдайға қарамай отандық тауарларды әлемдік нарыққа шағыраудың жаңа жолдары үнемі қарастырылып жатыр. Себебі бұл ел экономикасына тікелей ықпал ететін маңызды фактор», – деді ол.
Баспасөз хатшысының жазуынша, бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен, Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесіп, екіжақты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Иордания Королі ІІ Абдалламен, Қатар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Танимен әңгімелесті.
Жалпы, президент соңғы екі күнде 27 кездесу өткізіп, 3 ірі шараға қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024