Тоқаев, Жапаров және Мирзиёев Ыстықкөлде бейресми жағдайда теплоходпен серуендеді
Қырғызстан. 20 шілде. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.
Айта кетейік, 20 шілдеде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 шілдеге белгіленген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды. Бүгін Шолпан-Ата қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтті. Президенттер бейресми жағдайда сөйлесіп, теплоходпен серуендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024