Астана. 10 қараша. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады, Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады..
Президент нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді.
«Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіспен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін», – дедінген жеделхатта.
Еске салайық, 6 қарашада АҚШ-та өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельмен жұдырықтасты. 30 жастағы қазақстандық боксшы соңғы раундта ауыр нокаутқа түсті. Жекпе-жектен кейін оның миына қан құйылып кеткені анықталды. Боксшы комаға түсті. Suleimen Promotions өкілдері Айдостың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екенін хабарлады.