Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Президенті 12 маусымда ұлықтау рәсімі салтанатында сыбайлас жемқорлықпен күресуге, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге және экологиялық проблемаларды шешуге ниетті екенін мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлықты жою мәселесіне тоқталған Президент, «1 қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ол экологиялық мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өтті.
«Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету: таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет», - деді Президент.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024