Баку. 24 тамыз. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Қазақстан Республикасы және Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы Декларацияға және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаға қол қойды.
Сондай-ақ келесі құжаттарға қол қойылды:
- Қазақстан үкіметі мен Әзербайжан үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтамақтастық туралы келісім;
- Қазақстанның сыртқы істер министрлігі және Әзербайжанның сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жж. арналған Ынтымақтастық жоспары;
- Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан мәдениет министрлігі арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған бағдарлама;
- Түркістан қаласы мен Шуша қаласы арасында бауырлас қарым-қатынастарды орнату туралы хаттама;
- Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Медианы дамыту агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстанның мндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024